Астана қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде қазақстандық Элина Михина алдына жан салмай, құрлық чемпионы атанды. 28 жастағы атлет бұл қашықтықты 54.07 секундта жүгіріп өтті.
Қазір Қазақстан қоржынында 2 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль бар.