• RUB:
    4.9
  • USD:
    441.79
  • EUR:
    478.77
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Ақпан, 2023

Махачев жеңіл салмақтағы UFC чемпиондық атағын сәтті қорғады

387 рет
көрсетілді

Перт қаласында (Австралия) өтіп жатқан аралас жекпе-жектен UFC 284 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Ислам Махачев австралиялық Александр Волкановскимен кездесіп, чемпиондық атағын қорғап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қос мықты бес раунд бойы кім мықтыны анықтай алмады. Әйткенмен, жекпе-жек барысында ресейлік файтердің басым екені анық байқалды.

Қарсыластар төрешілердің шешімін күтуге мәжбүр болды. Үш төреші де Ислам Махачевке басымдық берді – 48:47, 48:47, 49:46.