• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Ақпан, 2023

Павлодар тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

237 рет
көрсетілді

Өңірдің 22 жастағы тұрғыны есірткінің ірі партиясын жасырын жерлер арқылы таратқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер интернет арқылы шағын пакеттерге оралған есірткі заттарын сатқан және жасырын жерге орналастырған адамның жеке басын анықтады. Ұстау кезінде жас жігіттен ақ түсті ұнтақ заты бар 5 бума табылып, тәркіленді. Тұрғылықты жері бойынша күдіктіден есірткі заттары салынған пакеттер, сондай-ақ оларды буып-түюге арналған заттар тәркіленді.

Сараптама нәтижелері бойынша ұсталған адамнан ең қауіпті & – PvP синтетикалық психостимулятор тәркіленді, оның жалпы салмағы 1,4 келіден асады. Бұл аса ірі көлем болып саналады. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, басқа адамдардың қылмыстық әрекетке қатысы анықталып жатыр.

Айыпталушының мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.