• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Ақпан, 2023

Түркия жер сілкінісі келтірген шығын мөлшерін есептеді

540 рет
көрсетілді

Түркияның оңтүстік-шығысында болған екі жойқын жер сілкінісінен елдің ұлттық экономикасына алдын ала есептеулер бойынша 84 миллиард доллар шығын келтірілген, деп хабарлайды Egemen.kz Bloomberg сайтына сілтеме жасап. 

Басылымның Түркия кәсіпкерлік және бизнес конфедерациясына сілтеме жасап, төтенше жағдай тұрғын үйлерге шамамен 70,8 миллиард доллар шығын келтіргенін жазады. Ұлттық табыстың жоғалуы тағы 10,4 миллиард долларды құрайды, ал жұмыс күшінің жоғалуы түрік экономикасын 2,9 миллиард доллар шығынға ұшыратады. 

Айта кетейік, Түркиядағы жер сілкінісінен шамамен 13,5 миллион тұрғыны бар 10 провинция зардап шекті. 

Түркияның ифрамқұрылымын, мектеп, аурухана, электр желіліері мен жолдарын қайтадан қалпына келтіру  елдің бюджет тапшылығын биылғы жылға жасалған ресми болжам 3,5 пайызбен салыстырғанда ІЖӨ-нің 5,4 пайызынан асуы мүмкін. 

Сондай-ақ Қазақстан Түркияға миллион доллар көлемінде көмек көрсеткен еді. Одан бөлек, еліміз құтқарушылар мен дәрігерлерден құралған екі тобын жіберді, олар қазір іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.