Спорт 13 Ақпан, 2023

Денис Никиша шорт-тректен Әлем кубогінің жеңімпазы атанды

410 рет
көрсетілді

Қазақстандық спортшы Денис Никиша Нидерланды елінің Дордрехт қаласында өткен шорт-тректен Әлем кубогінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол 500 метр қашықтықта жалпы есепте көш бастап, 402 ұпаймен бірінші орын иеленді.

Алғашқы ондыққа тағы бір қазақстандық - Абзал Әжғалиев та енді. Ол 8 орынға тұрақтады.