• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Ақпан, 2023

Қазақстанда инженерлік желілердің 70%-ға жуығы цифрландырылды

290 рет
көрсетілді

Елімізде мемлекеттік қала құрылысы кадастрының цифрлы қорын қалыптастыру аясында инфрақұрылымдық деректерді цифрландыру жұмысы жалғасып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала құрылысы кадастрының цифрлы қоры жыл сайын елді мекендердегі құрылыс аумақтарындағы инженерлік инфрақұрылымның деректерімен толықтырылып отырады.

Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша инженерлік желілердің 69,3% цифрландырылды. Бұл ретте 2021 жылы аталған көрсеткіш 63,1% деңгейінде болған еді.

Биыл республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өңірлердегі 80 мың гектардан артық құрылыс аумағын түгендеу жоспарланып отыр.

Осы арқылы 2023 жылдың соңына қарай қажетті қаржыландыру болған жағдайда инженерлік желілердің 88%-ы цифрландырылады деп болжанып отыр.

Еске салайық, елді мекендердің инфрақұрылымдық деректерін (аудан орталықтарының деңгейіне дейін) толық цифрландыруды 2024 жылдың соңына дейін жүзеге асыру көзделген.