• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Ақпан, 2023

Қазақстандықтар зардап шеккен түркиялықтарға 3 млн долларға жуық қаржы аударды

389 рет
көрсетілді

Қазақстандықтар жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия үшін үш миллион долларға жуық қаржы жинады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанда соңғы 3 күнде жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жиналған 1 миллион 28 мың 706 доллар көлеміндегі қаражат AFAD-тың ресми шотына аударылды. Осылайша қайырымдылықтың жалпы сомасы 2 миллион 849 мың 836 долларды құрады», делінген Астанадағы Түркия елшілігінің хабарламасында.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс бөлігінде екі күшті жер сілкінісі болды, сонымен қатар Сирияның бірнеше провинциясы зардап шеккен.

Қаза тапқандар саны қазірдің өзінде 33 мыңнан асты. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. БҰҰ мәліметінше, құрбандар саны 50 мың адамнан асуы мүмкін. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 7 ақпанда жер сілкінісі салдарын жою үшін Алматыдан Түркияға ұшып кетті.

Жер сілкінісі елге 70 миллиард доллардан астам шығын әкелді. Сондай-ақ жұмыс күшінің жоғалуы түрік экономикасына үш миллиард доллар шығын әкеледі.