Түркияда зілзала салдарынан қираған үйлерді салу кезінде мердігер болған 10 адам қамауға алынды. Жалпы 163 күдікті ұсталған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады, деп жазады Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Хатай қаласындағы тұрғын үй кешеніне жауапты болған бір мердігер Анталиядағы қонақ үйде жатқан жерінде қолға түскен. Тағы бір күдікті Стамбұл әуежайында тұтылған. Ол әйелімен бірге Грузияға қашпақ болған.
Сондай-ақ Газиантепте жермен-жексен болған үйді салған тағы бір мердігер темір тордан бір-ақ шықты. Ол техникалық ақауға жол бергені анықталды. Тағы ондаған адамға іздеу жарияланды.