Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов зейнетақы активтерінің өскені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Берік Шолпанқұлов БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері қаңтардың соңында жыл басынан бері 224 миллиард теңгеге немесе 1,5 пайызға артып, 14,8 триллион теңгеге жеткенін айтты.
«Биыл қаңтардан бері инвестициялық кіріс көлемі 66,2 миллиард теңгені, зейнетақы жарналары - 156,1 миллиард теңгені, зейнетақы төлемдері - 21 миллиард теңгені, мерзімінен бұрын алу - 11,4 миллиард теңгені құрады», деді Ұлттық банк өкілі