• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Заң 14 Ақпан, 2023

Майшелпек майнингтің өрісі тарылды

251 рет
көрсетілді

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» заң сәуір айынан бастап күшіне енеді. Әзірге активтің мұндай түрі төлем құралы, қаржылық актив болып есептелмейді.

Заң жобасына қатысқан сарапшылар кеңесі қаржы жүйесінің қауіпсізді­гін қамтамасыз ету үшін осындай қадам жасалғанын ашық айтты. Отандық май­­нерлердің басым көпшілігі өз қуа­тын шетел­дік пулдарға біріктіріп келген­діктен, уәкілетті органдар цифрлық бас­сейндердің нақты табысын айта ал­маған-ды. Енді цифрлық майнинг тек аккре­диттелген тау-кен бассейндерінде ғана жүргізіледі, бақылауға да мүмкіндік ашылды. Сарап­шылар цифрлық май­нинг­тік пулдарды аккредиттеу отандық май­нерлердің нақты табысын толық баян­дауға және оларға қатысты салық салу нормаларын қолдануға мүмкіндік бере­тінін айтып отыр.

Бірер жылдан бері цифрлы активтер туралы мәселе көптің талқысын­да болғаны белгілі. Өткен жылдың соң­ғы аптасында Парламентте Үкімет пен Ұлт­тық банктің осы мәселеге қатысты ұстанымы әзірше өзгермейтіні, крипто­валютаға сенбейтіні, криптовалютамен табыс та­уып жүрген адам биржада тіркелуге мін­деттелетіні айтылды. Солардың бәрін отандық биржаларға ауыстырудың нәти­жесінде айырбас­тау операцияларының ашықтығын қам­тамасыз ету жоспарланған. Заң жоба­сының Мәжілістің қарауына ке­ліп түс­уі­нің өзі қоғамда екі ұдай пікірдің қалып­тасуына себеп болды.

Криптоавктив тәрізді виртуальды актив түгілі қаржылық сауаттылық­ты дұ­рыс меңгере қоймаған біздің ел үшін бұл жаңа­лық «батысым шығыс бо­лып кеттімен» бірдей болды. Сол кез­дегі Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева журналистермен кездес­кен кезде нормативтік-құқықтық актіні әзір­леу қажеттігі екі себепке байланысты туын­дағанын түсіндіріп берді. Алғаш­қы себеп – ел аумағында цифрлық майнинг­ті реттеу қажеттігі.

– Цифрлық майнингті заңдастыру мен криптовалюта өндірушілердің қыз­­ме­­тін одан әрі нақты реттеудің бол­мауы энер­­гия шығынына, бақы­лау­дың босаң­сып кетуі­не алып келді. Қолда­ныс­тағы заңна­ма­ға сәйкес, цифрлық май­нинг саласын­дағы қызметтің бас­тал­ғаны туралы хабарлау тәртібі ерік­ті болып саналады, Цифр­лық даму министрі­нің бұйрығы­мен реттеле­ді, – деді Е.Смышляева.

Оның айтуынша, криптовалютаны заңды өндіру индустриясы Қазақстан үшін ауқымды инвестициялық сала болып саналады және қосымша салық түсім­де­рін қамтамасыз етіп, IT-саласының ­да­муы­на ықпал жасайды.

– Екінші себеп – криптовалюталық экожүйе құру. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстанда қамтамасыз етіл­меген сандық активтердің, яғни крип­то­валю­талардың айналымына тыйым салынған. Майнинг пен ілкі жоба аясын­дағы криптобиржа жұмысын қоса алған­да криптовалюталармен жасалатын бар­лық операция тек Халықаралық қаржы орталығында жүзеге асырылады, – деген еді Е.Смышляева.

Сәуірден бастап айналымға енген заң бойынша майнерлер 2024 жылдан бастап табыстың 75 пайызын отандық криптобиржаларда айырбастауға міндеттеледі. Олардан қолданыстағы салықтан бөлек сыйақысына қосарланған құн салығы, майнинг пулдың табыс салығы, сондай-ақ криптобиржадағы операциялар үшін төлем алынады.

Қазіргі жоспар бойынша крипто­бир­жа­лар мемлекеттік кірістер комитеті­нің ақпа­раттық жүйелерімен интеграцияла­нады. Майнингке қажетті құрал-жаб­дықтардың реестрі де енгізіледі. Соның нәтижесінде Қазақстанда жеткізілетін құрал-жабдықтар бақылауға алынады.

Қазақстандық блокчейн-технология­лар қауымдастығының төрағасы Сапар Ахметов аталған салада жұмыс істейтін отандық компаниялардың да айтарлықтай қиындықтарға тап болғанын айтты.

– Дегенмен, биыл біз оң үрдістерді бай­қап отырмыз. Мемлекет саланың да­му үрдіс­теріне түсіністікпен қарайды. Бұл әуелі Қазақ­станда жүзеге асыры­лып жат­қан жобаның алғышарттары. Біз­дің қауым­дастық Үкіметпен және «Астана» халық­аралық қаржы орталығымен жұ­мысты биыл да жалғастырады, – деді ол.

С.Ахметов қауіпсіздік мәселелерін ес­кере және ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл жасауға жағдай жасай отырып, Қазақстанда криптовалюта айналымын енгізу қажет деп санайды. Қауымдас­тық өз тарапынан білім беру бағдарламала­рын жүзеге асыруды қарастыра бастады. Себебі нарықта криптотрейдерлер мен алаяқ­тар­дың көбеюіне байланысты азаматтарды сауаттандыру қажет.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Элек­тронды өнеркәсіп және цифрлық активтер индустриясын дамыту департа­менті директорының орынбасары Ғизат Байтұр­сынов Парламент отырысында осы сек­тор­дың басты мәселелерін шешуді көз­дейтін цифрлық активтер туралы заң қабыл­данғанын еске салды. «Көптеген елдерде криптовалюталар төлем құралы ретінде қолданылады. Бізде оған Ұлттық банк әлі дайын емес, дегенмен болашақта жетеміз деп ойлаймын», дейді ол.

Оның айтуынша, майнинг секторы­ның проблемасы – табыстың қомақ­ты бөлігінің «көлеңкелі сипатқа» ие болуы. Олардың табысының қанша екені, айлық жалақысының да мөлшері туралы ақпараттар жоқ. Тіпті Мемлекет­тік кіріс­тер комитетінде бұл мәселе бо­йын­ша ешқандай ақпарат жинақталмаған. «Майнинг иелерінің басым көпшілігі электронды әмияндарының кілтін ше­телде ұстады. Тіпті криптовалютаны да шетелге асырумен айналысты. Се­бебі Қазақстанда онымен сауда жа­сай­тындар аз, активтің бұл түрі бұқара­лық сипатқа ие болған жоқ», дейді Ғ.Байтұрсынов.

Оның айтуынша, майнинг бассейн­дерін аккредиттеуді енгізу енді заңдас­тырылды. Сол бойынша әрбір майнинг иесінің кірі­сі туралы мәліметтердің басы ашық, бұл олар­ға салық салу үдерісін жеңілдетеді.

Қазақстандағы блокчейн және дерек­тер орталығы индустриясы қауым­дас­тығының вице-президенті Сергей Путра заң жобасы күшіне енгеннен кейін цифр­лық майнинг саласы елдегі ең ашық са­лаға айналатынын айтты.

– Әлі де болса нақтылап алатын тұс­тар баршылық. Криптовалюта – цифр­­лы актив болғандықтан, кез кел­ген мәмі­леге салық салынуы тиіс. Бірақ әлем­де ке­лісімшарттардың мұн­дай түрлері салық­тан босатылған. Мұндай сәйкес­сіздік­тер Қазақстанның криптоэкожүйесіне бел­гілі бір шектеулер қоюуы мүмкін. Біз заңнамалық тұрғыдан шоғырландыру және мұндай операцияларды қосымша құн салығынан босату қажет деп ойлаймыз, –дейді С.Путра.

Сарапшы энергиямен қамту мәселе­сін де айтып өтті. Оның пайымдауынша, бұ­қаралық ақпарат құралдарында цифрлық майнинг өндірісі энергетика­лық жүйемізге төніп тұрған қауіп деп қа­райтын көзқарас қалыптасқан.

– Мұның негізсіз екенін, елімізді энер­гетикалық дағдарыстан алып шығатын күш майнинг қана екенін осы саланың мамандары ғана біледі. Цифрлық майнингтер электр энергиясын тұрақты кес­теде, жоғары бағамен тұтына алады. Олар дебиторлық берешекке жол бермейді. Бұл оларға электр энергиясын сататын электр стансаларын жоспарлы жөн­деу мен жаңғыртуға мүмкіндік береді. Қазақстанда жұмыс істеген майнерлердің 70 пайызы елден кетіп қалды, олардың кетуімен электр энергетикасы секторына төніп тұрған қауіп сейілген жоқ. Сол себепті дәстүрлі энергетикалық жүйе мен майнинг жүйесіне қатар өмір сүруден өзге жол жоқ, – деді ол.

Қазақстан электр энергетикасы қа­уым­­дастығының төрағасы Талғат Темір­ханов елге заңды, заңсыз жұмыс істей­тін майнерлер қаптап кіргендіктен, эко­­­жүйеде басы артық энергия көздері қор­­даланып қалған кездер болғанын еске түсірді. Бірақ арада екі жыл өткен­де қалыпқа келіп, кей өңірлерде тап­шы­лық сезіле бастаған. Мұндай бей-бере­кетсіздік­ке көлеңкелі жолмен табыс табуға үйрен­ген майнерлер себеп болған.

– Саладағы тапшылық майнинг өн­ді­­ру­шілердің сыртқа кетуімен бастал­­ды. Энер­гетиктер электр энергиясын тұты­ну балансының деңгейін 5-7 жыл бұрын ­алдын ала болжай білуі керек. Бірақ ­2020 жылдары майнинг өндірушілердің ­ел­ге келуі осы саладағы үйлесімділікті ­бұз­­­ды, электр энергиясы артық өндірілді. ­2021-2022 жылдан кейін ғана тапшылық сезіле бастады. Бұл мәселеге барынша салқын­қан­ды көзқарас керек. Біз қиялдағы немесе жоспардағы дүние емес, нақтылық­қа, мүмкіндігімізге ғана се­нуіміз қажет. Нарықта энергияға деген сұраныс уақыт өткен сайын өсіп келеді. Майнинг стансалары, зауыттар пайда болып жатыр. Бірақ біз ертең көмір мен газдың қайсысының бәсі басым боларын білмейміз. Ұлттық экономика министрлігі төмен көміртекті даму стратегиясын, стансаларды жаңғыртуды қарастыратын Экологиялық кодексті әзірлеп жатыр. Осы ретте шағын электр стансаларды көптеп алу керек. Елде энергия тапшылығын сездірмейтін тетік осы ғана, – дейді Т.Темірханов.

 

АЛМАТЫ