16 ақпан күні Астана – Петропавл республикалық тасжолының 195-шақырымында Honda Stream автокөлігі жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
40 жастағы Ақмола облысының тұрғыны көлік өртенгенге дейін шығып үлгерген.Оқиға куәгері өрт сөндіру бригадасын шақырған. Макинск қаласы 8-құтқару өрт сөндіру бөлімінің күшімен өрт ауыздықталды.Зардап шеккендер жоқ.