Елорданың Жұмыспен қамту орталығына 5173 жұмыссыз тіркелген, оның ішінде 1029 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Сарыарқа» аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Бағила Орымбетованың айтуынша, www.enbek.kz, www.egov.kz порталдарында немесе «Астана қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де электронды тіркеуден өту арқылы жұмыссыз ретінде тіркелуге болады. Бір жұмыс күні ішінде тиісті мамандар өтініш берушіге лайықты жұмыс ұсынады.
«Егер Жұмыспен қамту орталығы осы уақыт ішінде өтініш берушіге лайықты жұмыс таппаса немесе ол ұсынылған бос жұмыс орнынан бас тартса, маман өтініш берушіні жұмыссыз ретінде тіркейді. Он алты жасқа толмаған жастар мен зейнеткерлік жастағы адамдар тіркеуге алынбайды», деді Бағила Орымбетова.