Түркиядағы жалпы сайлау алты айдан бір жылға дейін шегерілуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Habertürk басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, елдің басқарушы партиясы ауқымды жер сілкінісі жағдайында бұл мәселеге байыппен қарайды.
«Сайлау туралы шешім қабылданады. Содан кейін Жоғарғы сайлау комиссиясы жер сілкінісінің салдарына байланысты сайлау өткізу іс жүзінде мүмкін болмай тұрғанын айтып, сайлауды кейінге қалдыруды сұрайды», делінген мәтінде.
Басылым сайлауды кейінге қалдыру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын атап өтті.