Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Ақтау гарнизонының әскери бөлімдерінде болды. Сарбаздармен кездесу барысында ол әскердегі қызмет қандай мүмкіндіктер мен перспективалар ашатыны туралы хабардар етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жауынгерлік даярлық пен жүктелген міндеттерді орындауда жоғары нәтижелерге қол жеткізген, үлгілі әскери тәртібі бар әскери қызметшілер оқу орнының квотасы есебінен ЖОО-да оқу үшін әскери бөлім қолбасшылығының ұсынымын ала алады», деді ол.
Сондай-ақ қолданыстағы регламент бойынша оқу орнына жіберу туралы шешімді Қорғаныс министрлігінің комиссиясы қабылдайтынын айтты.