• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Ақпан, 2023

Жер сілкінісінен аяғы ауыр әйел аман қалды

1402 рет
көрсетілді

Йемендік әйел Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен. Жүкті әйел құтқарылғаннан кейін он сағаттан соң сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүктіліктің 39 аптасында болған Фатен Аль Юсифи жер сілкінісі кезінде босану үшін перзентханаға жиналып жатқан. Оқиғадан кейін оны үйіндінің астынан құтқарушылар алып шығып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Әйел ауыр операция арқылы босанып, Луджейн атты қызды дүниеге әкелді.

«Мен әлі тірі екеніме сенбедім», деді Фатен.

Бірақ Фатеннің күйеуі 29 жастағы Бурхан Аль Алими қаза тапты.

«Біз бақытты болашағымызды, қызымыздың жақсы өмірін армандадық. Бірақ Құдайдың жазғанына ешкім қарсы шыға алмайды», деді ол.