• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Ақпан, 2023

БҰҰ Түркияға қатысты үндеу жариялады

338 рет
көрсетілді

Біріккен Ұлттар Ұйымы Түркиядағы зілзала салдарын жойып, 5 миллионнан аса адамға көмек көрсету үшін үш айдың ішінде 1 миллиард доллар жинау туралы үндеу жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Түркияға жиналатын ақша көмек ұйымдарына үкіметтің тұрғын үй, азық-түлік қауіпсіздігі және білім беру саласындағы қызметтерін жылдам кеңейтуге мүмкіндік береді. Түрік халқы айтып жеткізе алмайтын қайғыны бастан өткерді. Мен күйзеліске ұшыраған және күйреген оқиғаларымен бөліскен отбасыларды кездестірдім. Біз оларды қиын уақытта қолдап, қажетті көмек көрсетуіміз керек», деді БҰҰ бас хатшысының орынбасары Мартин Гриффитс.

Түркиядағы табиғи апаттан 9 миллионнан астам адам зардап шекті. Ресми дерек бойынша қайтыс болғандар саны 38 мыңға жетті.