• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Ақпан, 2023

Тікелей эфирде балағат сөз айтқан павлодарлыққа айыппұл салынды

420 рет
көрсетілді

Ұсақ бұзақылық ТikToк әлеуметтік желісіне мониторинг жасау кезінде анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, мониторинг барысында полиция Новоямышево ауылының тұрғынының тікелей эфирге шығу кезінде дөрекі және әдепсіз сөздерді қолданғаны анықталған.

«Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 25 жастағы құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал сотта қаралды, қаулы бойынша ауыл тұрғыны 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деді Павлодар ауданы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.

Жыл басынан бастап Павлодар полицейлері 140-қа жуық ұсақ бұзақылық фактілерінің жолын кескен.