• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Маусым, 2014

Алты адам қаза болды

293 рет
көрсетілді

Тағы да жол апаты ажал әкелді. «Ақтөбе –Астрахан» тас жолының 39 шақырымында Алға қаласының тұсында «СеатТоледо» көлігінің жүргізушісі басып озу ережесін бұзу нәтижесінде «Опель Вектра» көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан бес адам оқиға орнында қаза болып, бір жолаушы ауруханада көз жұмды. Сондай-ақ, 4 жолаушы түрлі жарақаттармен Алға қаласының ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобының жұмыстары жалғасуда. Сонау жетпісінші жылдары пайдалануға берілген «Ақтөбе – Астрахан» тас жолы содан бері күрделі жөндеу көрмеген, шұрық тесік болып жатыр. Сондықтан күйі кеткен күрежолдың бойында жол-көлік оқиғалары жиі орын алады. Кейбір дерек көздерінен белгілі болғанындай, осы жолдың бойында болған жол-көлік апаттарынан жылына орта есеппен 15-тен астам адам қаза болады екен. Бұл қашанға дейін созыла бермек? Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.