Түркиядағы жер сілкінісінен кейінгі 296-шы сағатта Хатай қаласының орталық ауданындағы пәтердің қирандыларынан үш адам, оның ішінде бала құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іздестіру-құтқару жасақтары, оның ішінде Қырғызстаннан келген құтқарушылар жүргізген қарқынды зерттеу барысында үш тірі адам үйінді астында жатқаны анықталды.
Нәтижесінде, құтқару топтары әлі жеке басы анықталмаған баланы, әйелді және ер адамды алып шықты.
Зардап шеккендер ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілді.