• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Ақпан, 2023

Екібастұздағы көппәтерлі үйлердің бірінен өрт шықты

339 рет
көрсетілді

Бес қабатты тұрғын үй пәтерлерінің бірінде өрт болды. Өрт сөндірушілер 20 адамды эвакуациялады, олардың төртеуі - бала, деп хабарлайды Egemen.kz.

19 ақпанда сағат 9:59-да Павлодар облысы ТЖД «101» операторының пультіне Екібастұз қаласы Қонаев көшесіндегі үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндірушілер екінші қабаттағы пәтерлердің бірінде өрт болғанын анықтады.

Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен үш техника жұмылдырылды.

Өрт 10:21-де ауыздықталып,10:34-те жойылды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.