ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі кеше түнде журналист Вадим Борейконың әріптесіне қатысты оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Журналист Вадим Борейко 19 қаңтарға қараған түні белгісіз біреулер үйінің алдына келіп, есігіне монтаждау көбігін құйып кеткені туралы айтқан еді.
Ал бүгін ол өзінің Facebook парақшасында белгісіз біреулер операторының екі көлігін өртеп жібергенін жазды.
«20 ақпан күні операторымның екі көлігін біреулер жарып кетті», деді ол.
Журналист жанып жатқан көліктердің бейне және фото айғақтарын қоса жариялады.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі алдыңғы болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады.
«Алматы қаласының Ішкі істер департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жасап, тиісті сараптама тағайындады. Мәселенің мән-жайы нақтыланып жатыр. ҚР АҚДМ журналистік қызметке кедергі келтіруге жол бермейді және барлық қажетті көмекті көрсетеді», делінген мәлімдемеде.