• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Маусым, 2014

Өзара сенімге негізделген жақын қарым-қатынас көрінісі

426 рет
көрсетілді

Садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойдағы қуат, ойдағы нәрдің бәрін сарп етуге бейілмін.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге жұмыс сапарымен келген Иордания Королі Абдалла II-мен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында сауда-эко­номикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық және мәде­ни-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту  перспективалары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдалла II күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты. Қазақстан Президенті екі ел және олардың басшылары арасында өзара сенімге негіз­делген жақын қарым-қатынас қалыптасқанын айтты. Бұл ретте ол Иорданияның  жалпы Таяу Шығыста маңызды рөл атқа­ратынын атап өтті. Абдалла II Қазақстанға келуге шақыртуы үшін алғысын айтты, сондай-ақ, еліміздің көп жылдар бойғы, соның ішінде сириялық босқындар мәселесі бойынша көрсеткен қолдауы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа Иордания халқы атынан ризашылығын білдірді. Екі мемлекет басшылары өзара ықпалдастықтың әлеуетін жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, осы бағытта басым­дығы бар бірқатар шараларды қарастырды.