• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 20 Ақпан, 2023

Доллар бағамы көтерілді

214 рет
көрсетілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесіне қарағанда, доллардың орташа сараланған бағамы 2,91 теңгеге көтеріліп, 447,68 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 18-20 ақпандағы бір доллараға шаққандағы ресми бағамы 444,23 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,83 теңгеден сатып алынып, 449,82 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 446,89 теңге, сату – 450,51 теңге.