Қазіргі уақытта елімізде 4 млн 449 мың көлік бар. Қазақстанда 20 жылдан аса уақыт өткен көліктердің саны 51 пайызға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сілтеме жасап.
1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 млн 449 мыңды құрады, оның:
87,9 пайызы – жеңіл автомобильдер; 10 пайызы – жүк автомобильдері; 2,1 пайызы – автобустар.Жалпы республикада 3 млн 696 мың жеңіл автокөлік жекеменшік иелігінде.
Бюро деректерінде Қазақстандағы көліктердің 51 пайызы 20 жыл бұрын шығарылғаны айтылған. Ал шыққанына 10 жылдан 20 жылға дейінгі көліктер – 21 пайызды, 7 жылдан 10 жылға дейінгілер – 14 пайызды, 3 жылдан 7 жылға дейінгілер – 6 пайызды құрайды.
Жеңіл автомобильдердің ең көп үлесі Алматы облысы (472,5 мың), Алматы қаласы (448,2 мың) мен Шығыс Қазақстан облысына тиесілі (272,9 мың).