• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Музей 20 Ақпан, 2023

Тобыл ойшылы

499 рет
көрсетілді

Астанадағы Ұлттық музейде 1976 жылы Қостанай қаласының іргесіндегі Мичурин ауылының егіс даласынан табылған «Тобыл ойшылы» аталған тас мүсіннің түпнұсқасы сақталған. Әлі күнге дейін «сыры» толық ашылмаған мүсіннің биіктігі – 202 мм, салмағы – 4 кг.

Тас мүсін табылған жерді зерттеген археологтер ежелгі құр­бандық шалатын орын бол­ған дегенді айтады. Сондай-ақ мүсіннің ғылыми сипаттамасын жазған Г.Зданович экспонатты Азияның орманды-дала­сының антропоморфты (адамды бейнелейтін) мүсін тобы мен біздің заманымызға дейінгі ІІІ мыңжылдықтың соңы мен ІІ мың­жылдықтың бастапқы кезіне жатады дейді. Ал кейбір ға­лымдар оның тас дәуіріне тиесілі болуы мүмкін екенін алға тартады.

Бұл мүсінде аспанға қарап, ойға батқан ер адамның сұлбасы бейнеленген. Тас мүсін сұр-қо­ңыр түсті түрлі түйіршікті құм­тастан пикеттеу, қашау техникасымен жасалған.