Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияда үйінді астынан табылған Сабина Мамадиярованың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отандасымыз Сабина Мамадиярова 8 ақпанда Хатай провинциясындағы Антакья қаласында үйінді астынан құтқарылған еді.
«Ол Аданадағы Джейхан ауруханасына жедел жеткізілді. Зақымдалған қолына ота жасалды, ал Анталиядағы біздің бас елші оның жеке дәрігерімен сөйлесті. Қазір дәрігерлердің бақылауында, жанында жақындары бар», деді ол.
Сабина Мамадиярованың табылғаны туралы танысы Алмат Құрмашев мәлімдеген еді.