• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Ақпан, 2023

Ресейде қазақстандық курсант қайтыс болды

470 рет
көрсетілді

Ресей әскери институтында қазақстандық курсант қайтыс болды. Ақпаратты ішкі істер министрлігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін ресейлік БАҚ-та Ф.Э.Дзержинский атындағы Саратов Ұлттық ұлан скери институтында дайындықтан өтіп жүрген 19 жасар курсанттың қаза тапқаны туралы ақпарат жарияланды. Кезекшілік уақытынан кейін жігіттің оқ тиген мәйіті табылған. Алдын ала болжам бойынша, курсант өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. 

ІІМ-нің ресми мәліметі бойынша, курсант 2020 жылы «Арыстан» мамандандырылған лицейін бітіргеннен кейін «ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Ресей Федерациясы Ұлттық ұланының әскери институтына іріктелген.