• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Ақпан, 2023

Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 44-ке жетті

258 рет
көрсетілді

Өткен демалыс күндері Бразилияның Сан-Паулу штатындағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 44-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Өкінішке қарай, қаза тапқандар саны артып келеді. Құрбан болғандардың арасында балалар көп. Сондай-ақ 40-тан астам адам әлі табылмай жатыр. Іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Сан-Паулудың шығысындағы жағалау аймағында рекордтық жауын-шашын салдарынан 750-ден астам адам баспанасыз қалды.

Метеорологтар бертиога муниципалитетінде небәрі 24 сағат ішінде 680 мм-ден астам жауын-шашын болғанын хабарлады.