• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Ақпан, 2023

2,5 мыңнан астам көлік заңдастырылды

360 рет
көрсетілді

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында шетелдік автокөліктерді заңдастырып, қайта тіркеу науқаны сәл саябырлады.

23 қаңтарда заңдастыру бастал­ғалы бері өткен үш апта ішінде батысқазақ­стан­дықтар­дың атына барлығы 2505 автокөлік ауысқан екен.

Оның 295-і Армения мемлекетінде тіркелген болса, 87 көлік Армениядан бұры­нырақ әкелініп, сары нөмірмен жүрген екен. Заңдастырылған көліктердің басым бөлігі Ресей Федерациясынан келген. Мұндай автокөлік саны 2115-ке жетіпті.

Тіркелген көліктердің тізімінде Араб Әмір­­ліктерінен келген – 3, Бело­руссиядан келген – 2, Грузия мем­леке­тінен – 2, Қырғыз елінен 1 машина да бар.

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі еліміздің өзге өңірінен батысқазақстандықтардың атына тіркелген автокөліктердің санын да жария етті. Осындай 44 көліктің 14-і – Армениядан, 28-і – Ресейден, 2-еуі Қырғызстаннан әкелінген екен.

 

Батыс Қазақстан облысы