Биылғы ақпан-наурыз айында TALIS-2024 сабақ беру мен оқытудың зерттеу жұмысы өтеді. Оған еліміздегі маңызды деген 3 қала мен 5 шағын өңірден 800 мұғалім, 42 мектеп директоры қатысады.
– Бұл мұғалімдердің еңбек жағдайы мен мектептердегі білім беру ортасын бағалайтын ауқымды халықаралық зерттеу. Осында жинақталған мәліметтер педагог кадрларды даярлауда олардың біліктілігін арттырып, ынталандырады. Сонымен бірге оқу бағдарламасын дайындауда пайдаланады, – дейді Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Динара Әбілқанова.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) алты жыл сайын мұғалімдер мен мектеп директорлары арасында сауалдама арқылы зерттеу жүргізеді. Мұндай талдау еліміздегі педагогикалық корпустың сапасы мен кем-кетігін анықтауға және мұғалімдердің еңбек жағдайы мен мектептердегі білім беру ортасына тәуелсіз баға алуға мүмкіндік береді.
Еске сала кетсек, Қазақстан TALIS зерттеуіне алғаш рет 2018 жылы қатысып, оған еліміздің барлық аймағынан 6 жарым мың мұғалім мен 331 мектеп директоры өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ педагогтердің сенімді ғылыми-негізделген және халықаралық салыстырмалы деректері алынды. Ол «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеу кезінде ескеріліп, Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекет- тік бағдарламасында көрініс тапты.