• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Маусым, 2010

ЕЛБАСЫ ҚАБЫЛДАДЫ

435 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Қорғаныс министрі Лян Гуанлені қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу кезінде екіжақты ынтымақтастық мәселесі талқыланды. – Қазақстан мен ҚХР қорғаныс ведомство­лары­ның бұдан былайғы ынтымақтастығы мә­селесін және біздің елдердің күш құрылымдары арасындағы достық байланыстарды нығайтуды талқыладық. Біз Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық қарым-қатынастарды дамытуға ерекше көңіл бөлгені үшін разымыз, – деді Лян Гуанле.

*  *  *

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Эни” концернінің бас атқарушы директоры Паоло Скарониді қабылдады, деп хабарлады Қа­­зақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. П.Скарони Президентті Қазақстандағы кон­церн­нің ағымдағы қызметі мен жұмыс жоспарлары туралы хабардар етті. Әңгімелесу барысында “Эни” Қазақстанның мұ­най-газ саласындағы ірі инвесторлардың бірі болып табылатыны атап өтілді. – Біз Қарашығанақ және Қашаған жобаларына қатысты кейбір жұмыс жәйттерін, сондай-ақ Қа­зақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ита­лия Премьер-Министрі Сильвио Берлусконидің қа­ты­суымен 2009 жылғы қарашада Римде қол қой­ыл­ған Өзара түсіністік туралы меморандумның бар­лық позициясын талқыладық. Бұл құжат “Эни” мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық үшін, бә­рінен бұрын, газ жобаларына, мұнай өңдеу, мұ­най-газ өндірісінің өзге салаларына жаңа көк­жиек­тер ашады, – деді П.Скарони журналистерге арналған брифингте.