• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Ақпан, 2023

Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына жәрдемақы төленеді

223 рет
көрсетілді

Қаза тапқандардың отбасыларына балалары кәмелеттік жасқа толғанға дейін ай сайынғы жәрдемақы беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуді және жерлеу қызметтеріне жұмсалатын барлық шығындарды «Қазависпас» өз мойнына алғанын хабарлады.

«Бұл ретте қайтыс болған қызметкерлердің отбасыларына балалары кәмелеттік жасқа толғанға дейін қайтыс болған қызметкердің жалақысы көлемінде ай сайынғы жәрдемақы төленетін болады. Ұжымдық шартта көзделген барлық қажетті төлемдер төленеді. Бұл мәселелердің барлығы Төтенше жағдайлар министрінің жеке бақылауында», деді министрліктің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.