• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Ақпан, 2023

Шекарадан заңсыз өтпек болған тағы алты адам ұсталды

348 рет
көрсетілді

ҚР ҰҚК Шекара қызметі шетел азаматтарының жалған құжаттарды пайдалану деректерін анықтауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 22 ақпанда Алматы қаласының халықаралық әуежайында және Павлодар облысы «Шарбақты» өткізу пунктінде Тәжікстан Республикасының 6 азаматы ұсталды.

Төлқұжаттық бақылауды іске асыру барысында аталған азаматтардан ҚР аумағында уақытша болуға рұқсат беру туралы жалған анықтамалар  мен Шекара қызметінің шекарадан өтті деген жалған мөртабан басылған төлқұжаттары анықталды.

Аталған азаматтарға қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.