• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 24 Ақпан, 2023

Доллар бағамы төмендеді

319 рет
көрсетілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы құлдырады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,26 теңгеге төмендеп, 447,73 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 24 ақпандағы бір долларға арналған ресми бағамы 449,22 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 447,97 теңгеден сатып алынып, 451,10 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 447,98 теңге, сату – 451,54 теңге.