• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
22 Маусым, 2014

Футбол. Әлем чемпионаты: Германия – Гана 2:2

322 рет
көрсетілді

АСТАНА. 22 маусым. Бүгін түн ортасы ауа Бразилияның Форталеза қаласында Германия және Гана құрамалары кездесті. Тартысты өткен ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Германия – Гана 2:2 (0:0). 21 маусым. Форталеза. «Кастелан» стадионы. Төреші - Сандро Риччи (Бразилия). Германия: Мануэль Нойер, Жером Боатенг (Шкодран Мустафи, 46), Матс Хуммельс, Пер Мертезакер, Бенедикт Хеведес, Филипп Лам, Тони Кроос, Сами Хедира (Бастиан Швайнштайгер, 69), Месут Озил, Марио Гетце (Мирослав Клозе, 69), Томас Мюллер. Гана: Фатаву Дауда, Джонатан Менса, Джон Бой, Харрисон Аффул, Салли Мунтари, Мохаммед Рабиу (Эммануэль Агеманг-Баду, 77), Квадво Асамоа, Кристан Атсу (Мубарак Вакасо, 72), Андре Айю, Кевин-Принс Боатенг (Джордан Айю, 52), Асамоа Гьян. Голдар: Марио Гетце (51), Андре Айю (54), Асамоа Гьян (63), Мирослав Клозе (71), Ескерту: Салли Мунтари (90+3).  Командалар мұның алдындағы бірінші турдың ойындарында екі түрлі нәтиже көрсеткен еді. Айталық, немістер португалдарды 4:0 етіп талқандап шықса, ганалықтар АҚШ құрамасынан 1:2 болып ұтылып қалған болатын. Ал мына ойынның бірінші таймы ұжымдардың осындай үлкен айырымдары бар екенін көп аса байқата қоймады. Дегенмен, Германияның алға бірінші ұмтылысынан қарсы қақпа алдында қауіпті сәт туа жаздады. Бұған сол қапталдан жүгірген Марио Гетце себепкерлік етпек болды. Ол алға қарай асырған добының соңынан қуып кеткенде, ганалық қорғаушы соңғы сәте аяғын қойып, аутқа жіберіп үлгерді. Немістер 11-минутта да қауіпті қимылға құлаш ұрды. Олар оң қапталдан көктей өтті. Филипп Лам тағы Месут Озалды алға оздырды. Ол бұрылып, допты 11 метрлік нүкте ауданына жеткізді. Сол жерде тұрған Томас Мюллер өзі ұрмай, допты артқа қарай тастады. Ал оған Тони Кроос егелік етіп, 15 метр қашықтықтан қақпаға қарай құйындата ұрды. Бірақ доп қақпашы тиіп қайтты. Бұдан кейін Гана құрамасының ойыншылары да қауіпті сәттер жасауға бас қойды. 15-минутта алаң ортасынан доп алған Кристиан Атсу ілгері қарай тез барып, 22 метр жерден қақпаға соққы бағыттады. Қақпашы Мануэль Нойер оны күтіп тұр еді. Ол сондықтан допты қағып үлгерді. Алайда, алаңдағы барлық негізгі оқиғалар екінші таймда өтті. Мұны 51-минутта неміс Марио Гетценің есеп ашуы қыздырып жіберді. Алаң ортасында доп алған Филипп Лам айналасына сәл қарап алғасын, айып алаңының оң жағындағы Мюллерге пас тастады. Томас оны алған бойда қақпашы сызығына қарай жөнелтті. Гол! Бірақ бұл басымдық көп уақыт дәурен сүрген жоқ. Арада бар-жоғы үш минут уақыт өткенде, ганалық Андре Айю есепті теңестірді. Ол қорғаушы Харрисон Аффулдың қақпаның алыс бұрышына тастаған добына басқалардан бұрын жетті. Оған Нойер ұмтылғанымен жете алмады. Сөйтіп, есеп 1:1-ге айналды. Осыдан кейін бұрынғыдан да батылдана түскен африкалықтар шабуылды үдетті. Олар он минутқа жуық уақыт бойы осы басымдықты сақтап тұрды. Ал оның соңы 63-минутта тағы бір голдың соғылуына апарып жеткізді. Допты қақпаға Асамоа Гьян түсірді. Гана құрамасы бұдан кейін де жойқын жорықты жалғастыра берді. Бұл қысымға шыдамаған Германия құрамасының бас жаттықтырушысы Филипп Лёв 69-минутта алаңдағы екі ойыншыны бірдей алмастырды. Атап айтқанда, Гетценің орнына – Мирослав Клозені, ал Сами Хидираның орнына Бастиан Солардың арасында Швайнштайгерді шығарды. Бұлардың соңғысы тез ойынға араласып, 70-минутта сол қапталдан келіп, допты айып алаңындағы Месут Озилге жеткізді. Бұдан ары Озил оны қақпаның жақын мүйісіне ұрды. Сол доп қорғаушының араласуымен аутқа кетті. Бұрыштама! Оны Тони Кроос қақпашы алаңына қарай әуелетті. Ол айналып келіп жерге түсер-түспесте Клозе аяғын тоса қойды. Гол! Осымен Мирослав өзінің әлем чемпионаттары тарихындағы 15-ші добын салды. Есеп қайта теңесті. Екі жақ бұдан кейінгі уақытты ақырына дейін өте жоғары қарқында, қатты шабуыл үстінде өткізді. Екі жақтың да артық гол соғып, жеңісті тартып әкетуіне мүмкіндіктері болды. Бірақ соңғы сәтте олар қақпаға дарымай жатты. Ойын осындай шабуыл үстінде аяқталды. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Чемпионат. Ру. Фото: Sportbox.ru.