• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Ақпан, 2023

Биыл «Ата жолы» картасы 5 мың адамға беріледі

546 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл «Ата жолы» картасын 5 мың адамға беруді жоспарлап отыр. Жыл сайын карта иегерлерінің саны 5, 10, 15 мыңға артып, 2027 жылы 40 мыңға жетуі тиіс. Бұл туралы құзырлы министрліктің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ата жолы» картасын беру – жаңа бастама. Ол туралы алғаш Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2022 жылдың соңында хабарлаған болатын. Аталған карта шетелдегі жоғары деңгейдегі кәсіби маман қазақтарға не өздері тұратын елде табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда жүзеге асыруға ықыласты қазақтарға беріледі. Ол арқылы этникалық қазақтар 10 жылға жеңілдетілген виза рәсімдеп, Қазақстанда өз кәсібін дамытуға мүмкіндік алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, Қазақстанға келген қандастар мен қоныс аударушыларды жұмыспен қамту көрсеткішін де арттыруды жоспарлап отыр. 2023 жылғы меже 83 пайыз болса, оны 2027 жылдың соңына дейін 95 пайызға жеткізу басты назарда болып отыр.