• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 25 Ақпан, 2023

«Қорғас» орталығы жақында өз жұмысын бастайды

608 рет
көрсетілді

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы жақында жұмысын бастайды. Бұл туралы Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері туралы жиында белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пандемия басталғаннан бері «Қорғастың» жұмысы тоқтап тұрғанын сөз етті. Оның айтуынша, қазір Қытай тарапымен орталықты ашу туралы келісімге қол жеткізілген. Жақын арада «Қорғас» өз жұмысын бастауға тиіс.

«Дайындық жұмыстарын жеделдетіп, орталық қызметіне тартылған барлық құрылымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету керек», деді Әлихан Смайылов.

Еске сала кетейік, кеше Премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды.