Бүгін Петропавлда облыс орталығындағы көңіл көтеру орындарының бірінде ер адам атыс жарақатын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Петропавл қаласы полиция басқармасының мәліметінше, 28 жастағы ер адам жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген. Алайда ол алған жарақатынан қайтыс болған.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі «адам өлтiру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті Петропавл қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүріп жатыр», делінген хабарламада.