Әлеуметтік желіде Атыраудағы №8 қалалық мектептің оқушылары мен мұғалімдері «Масленица» мерекесін атап өту үшін мектеп ауласында от жаққан видео тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған оқиғаға қатысты Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Instagram-да тікелей эфирде түсініктеме берді. Оның айтуынша, мұндай іс-шараны мектепте өткізуге болмайды.
«Діни сипаты бар іс-шара мектептің базасында өткен. Бірақ қауіпсіздікті сақтау үшін төтенше жағдайлар органдарынан ешқандай келісім алмаған. Атырау қалалық білім бөліміне де хабарланбаған. Мектептің директоры ата-аналар ұсынысын қолдап, білім ордасының ауласында алау жағуға рұқсат берген. Осыған байланысты мектеп директорына қатаң сөгіс берілді», деді Жасұлан Бисембиев.