• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Ақпан, 2023

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін 600-ден астам адам тергеліп жатыр

286 рет
көрсетілді

Түркия үкіметі 6 ақпанда болған жер сілкінісінен қираған ғимараттарға қатысы бар 600-ден астам адам тергеліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әділет министрі Бекир Боздаг 184 күдіктінің, құрылыс мердігерлері мен жылжымайтын мүлік иелерінің, қамауға алынғанын айтты.

Ол тергеудің ауқымды деңгейде жүріп жатқанын, екі апта бұрын билік қамауға алу туралы 113 санкция бергенін айтты.

Жергілікті БАҚ тұтқындалғандардың арасында жер сілкінісі болған жерге жақын орналасқан қалалардың басшысы барын хабарлады.Қазіргі уақытта Түркия мен Сирияда қайтыс болғандардың саны 50 000-нан асты. Ал жер сілкінісінен кейін Түркияда 160 000-нан астам ғимарат қирап қалған.