• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Ақпан, 2023

Серік Сәпиевпен жанжалдасқан спортшы кешірім сұрады

653 рет
көрсетілді

Алматыда өткен Batyrball сайысы кезінде бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен шекісіп қалған спортшы Зелимхан Мусиханов пен оның жаттықтырушысы Александр Гольцман боксшыдан кешірім сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

«Құрметті қазақстандықтар, мен жасаған ісім үшін кешірім сұраймын. Мен ережелерді бұздым, қателік жасадым. Өз эмоциямды ұстай алмадым. Серік Сәпиев - халқымыздың мақтанышы. Ойланбай істеген әрекетім үшін мені кешіріңіз. Енді қайталанбайды», деді З. Мусиханов.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода спортшының жаттықтырушысы да кешірім сұраған.

«Құрметті қазақстандықтар, кеше менің оқушым ойланбай әрекет жасады. Мен де эмоцияға бой алдырып, артық сөйлеп қойдым. Менен қате кетті, сондықтан шәкіртім екеуміз жасаған барлық әрекетіміз үшін кешірім сұраймыз. Біз батырымызға, Олимпиада чемпионына, барлық спортшыларға және Серік ағаға спорт, қоғам қайраткері ретінде құрметпен қараймыз. Біздің іс-әрекетіміз ешбір жағдайда чемпионның беделін түсірмеуі керек. Біз жағдайдың осылай боларын қаламадық. Бәріне кінәліміз. Бізді кешіріңіз», деді Гольцман.

Еске сала кетейік, бұған дейін Серік Сәпиев Алматыда өткен Naiza 49 турнирінде жекпе-жектен кейін балуанмен жанжалдасып қалғанын хабарлаған едік. Кейінірек аталған оқиғаға қатысты балуанның жаттықтырушысы Александр Гольцман түсініктеме берген болатын.