• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Ақпан, 2023

Өткен жылы 1 323 оқушы түрлі байқауларда жеңімпаз атанған

210 рет
көрсетілді

Қазақстандық оқушылардың білім деңгейін, қарым-қабілетін анықтау үшін түрлі байқаулар өткізіледі. Сол байқауларға қатысқан білім алушылардың нәтижелері көңіл қуантады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ғылыми-технология заманында ғылым дамымай мемлекет дамымайды. Елімізде республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген білімді оқушылар көп. Қазақстанның білім сапасы да жақсарып келеді. Жыл сайын білім сапасы бойынша рейтингте алға жылжу байқалады. Білім саласында педагогтардың кәсібилігін арттыру бойынша да түрлі бағдарламалар мен жобалар іске асып жатыр. Қазір мұғалімдерге қойылатын талап күшейтілген. 

Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған дерекке қарағанда, Қазақстанда өткен жылы 1 323 оқушы жүлдегер атанған.