Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі ресми түрде таратылды. ҚР Үкіметінің тиісті қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі» мемлекеттік мекемесі таратылсын», делінген қаулы мәтінінде.
Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.