• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Ақпан, 2023

Қазақстан делегациясы Қосылмау қозғалысының саммитіне қатысады

467 рет
көрсетілді

2023 жылғы 1-3 наурыз аралығында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі Қосылмау қозғалысының байланыс тобының отырысына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара Әзербайжан Республикасының төрағалығы аясында Баку қаласында өтеді және жаһандық постковидтік қалпына келтіру тақырыбына арналады.

Қазақстандық делегация басшысының жалпы пікірсайыс шеңберінде сөз сөйлеуі, сондай-ақ шетелдік делегациялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу жоспарланған.

1961 жылы құрылған Қосылмау қозғалысы қазіргі таңда Азия, Африка, Латын Америка, Еуропа және Океанияның 120 мемлекетін біріктіреді. Ұйымда, Қазақстанды қоса алғанда, тағы 18 байқаушы ел бар.