• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Маусым, 2010

ҚЫЗЫЛАҒАШТЫҚТАРҒА 95 ТЕЛЕДИДАР ТАБЫСТАЛДЫ

571 рет
көрсетілді

Бүгінде теледидар көру жа­ңа­лық емес. Бірақ, баспанасыз, бар жиған-тергенінен бір сәтте ажы­рағандар үшін бұл үлкен қуаныш. Теңіз – тамшыдан демекші тас­қыннан зардап шеккен  қы­зыл­ағаш­тықтарға көрсетіліп жатқан әлеуметтік-тұрмыстық жағдай әлі де жалғасуда. Қолындағы бары­мен бөлісіп, мұнда атбасын бұр­ғандар қа­та­ры толастамауда. Қызылағаш ауы­лында бұған дейін 145 тұрғын жаңа баспанаға ие болса, қазір 215 үйдің ша­тыры көтеріліп, 147-сінің ішкі әрлеу жұ­­мыстары аяқталуға жақын­дапты. Осы айдың басында тағы да 200 тұрғын жаңа үйлерге қоныстанады деп жоспарланған. Күні кеше тасқыннан зардап шек­кен тұрғындардың жағдайын жақсарту мақсатымен “Атакент” АҚ-қа қарасты “Ақниет” қоры­ның өкілдері ауылға арнайы ке­ліп, сыйлықтарын ұсынды. “Ақ­ниет” қоғамдық қорының пре­зиденті Баян Жұмашев аталған басқарма құрамына кіретін кәсіп­керлер 95 LG  “Флэтрон” түрлі-түсті теледидарын тұрғындарға тапсырып, ыстық ілтипаттарын ортаға салды. Бірінші кезекте теледидар ала­тындар қатарына адам шығыны орын алған 16 отбасы мен көп балалы ана­лар, бірінші, екінші, үшінші топ­тардағы мүгедек отба­сы­лар қам­ты­лыпты. Қиын сәтте барын бөлісіп, қайғы мен қуа­ны­шына ортақ­тас­қан­дарға жұрт риза болып жатыр. Мә­селен, көр­ші­сінің көлігімен жаңа теле­дидарды үйіне жеткізуге асыққан Орнық­бай Упрақымның қуанышында шек жоқ. Балалары кино, мульт­фильм көргісі келеді. Теледи­дар­ды тоққа қосқанда үйдегі антен­на­ның күші облыстық “Жетісу” ар­на­сының бағдарламасын тара­туға жетті. Балалар қуанып, қол соғып, мәз. Ауылдағы мәдени-тұрмыстық қыз­мет көрсету және қалпына келтіру жұ­мыстары әлі де қызу жал­ғасуда. Кө­шелерге су құбыры тартылып, құдық орнатылып, халық ауызсумен толық қамтылды. Самаладай жар­қыраған электр шамдары да халықтың сұра­нысын қанағат­тандырған. Сәу­летті, сәнді үйлермен қатар кө­ше­лерді жөн­деу жұмыстары жалғасып, асфальт төселуде. Қызылағаштықтармен қатар Ақ­тоған мен Егінсу ауыл­дарын­дағы құ­рылыс жұмыстары да қар­қын алып, мұнда 270 құрылысшы жұмыс істеуде. Ақ­тоған ауы­лын­дағы 56 үйдің 6-уы пай­далануға берілсе, 35-інің қаб­ырғасы қа­ланып, 15-інің шатыры жа­былуда. Ал, Егінсу ауылындағы са­лынуға тиісті 21 үйдің 14-інің қа­бырғасы қаланған.  Енді біраз уақытта ал­ғаш­қы үйлер пайдалануға беріл­мекші. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.