Келеңсіз оқиға Қостанай қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде болды. Үш студент газдан уланып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Тәуелсіздік көшесі, 118 мекен-жайында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 8 қабатты ғимаратында өрт болды. Белгілі болғандай, 7 қабаттағы оқу кабинетінде кеңсе техникасы жанып кеткен. Өрт сөндірушілер 3 минуттан кейін жетіп, өрт ошағын сөндіре бастады», деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 19 адамы мен 6 бірлік техника жұмылдырылды.
Хабарланғандай, оқиға салдарынан зардап шеккен үш студентке алғашқы медициналық көмек көрсетілді.