• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Ақпан, 2023

Павлодар облысында 8 жасар қыз үйінен қашып кеткен

261 рет
көрсетілді

Павлодар облысында ата-анасымен сөзге келісіп қалған 8 жасар қыз үйден кетіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысының полицейлері үйден кетіп қалған 8 жастағы қызды ата-анасына қайтарды.

«27 ақпан күні сағат 21:20-да әріптесім Саутов Бағдатпен Павлодар – Успенка автожолын патрульдедік. Жол бойында жалғыз жүрген қызды байқадық. Біз оны тыныштандырып, көлікке отырғыздық. Ол баланың 8 жаста екендігін, ата-анасымен бірге Успен ауылында тұратынын анықтадық. Жағдайды одан әрі анықтау үшін кәмелетке толмаған бала Успен ауданының полиция бөліміне жеткізілді», деді Павлодар облысы ПД патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторы Болат Жұмашев.

Ата-анасы қызға үй тапсырмасын дұрыс орындамағаны туралы ескерту жасаған. Осыдан кейін анасы қызына далаға шығып, таза ауамен дем алуға кеңес берген. Ата-анасына ренжіген қыз үйден шығып, Павлодар қаласына қарай бет алған. Қызының үйде жоқ екендігін ата-анасы тек полиция қызметкерлерінен білген.

«Бұл факті бойынша ата-аналарымен осындай фактілерді болдырмау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді», деп атап өтті полиция өкілдері.