• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Маусым, 2010

“АРАЙДЫҢ” ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУЫ

573 рет
көрсетілді

Ресейдің “Лукойл” компа­ниясы – елімізде мұнай саласында жұмыс істейтін ірі шетелдік инвестор. Ол “ҚазМұнайГаз” ҰК” акционерлік қоғамымен бірге “ҚазақОйлАқтөбе” жауапкершілігі шектеулі серіктес­ті­гінің құрыл­тайшысы болып та­бы­лады. Серіктестік  Мұғалжар ауда­нын­дағы Әлібекмола, Қожасай кен ор­ындарынан мұнай өндірумен айна­лысады. Бұл компанияның өзге шетелдік инвесторларға қарағанда бір ерекшелігі – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне баса назар аудара­тындығы. Соның ішінде әлеуметтік жобаларға қар­жылай қолдау көрсетуі арқылы тек қана ауылдықтардың аз қамтылған тобына өз ісін ашуға жағдай туғызып отырғаны қуантады. Бұған дейін Маңғыстау облысында осындай игілікті істер тындырған компания өздерінің  “Арай” бағдар­ла­масы аясында биыл мұ­най­лы өңір Мұғалжар ауданында қанатқақты жобаларды жүзеге асыруға кіріскен болатын. Ком­пания сол үшін өз биз­несін ашуға және шығар­ма­шылық қабілеттерін шыңдауға талап қы­лу­шылар арасында конкурс жа­рия­лап еді. Жақында өз істерін ашуға бизнес-жобаларын ұсынғандардың ара­сы­нан озып шыққандарға “Лу­койл” компаниясының 850 мың теңгеге дейінгі көлемде қайтарымсыз грант­тары тапсырылды. Компанияның қайтарымсыз грант­­тарына ие болған 56 мұғал­жарлық алты шаштараз, соншама тігін цехы мен наубайхана, екі тех­ни­калық қызмет көрсету стансасын, екі газ-дәнекерлеу цехын ашуға жолдама алды. – Барлық бизнес-жобаларды тә­уелсіз комиссия мүшелері сара­лап,  тал­дап, іріктеді. Алыс аудан тұр­ғын­да­рының іскерлік бел­сен­ді­лігін бір грантқа 8 жоба ұсы­ныл­ғанынан да аң­ғаруға болады. Бұл жоба шын мә­нінде халықтық болды десек, артық айт­қандық болмас. Жобалардың бә­рінің аймақ үшін әлеуметтік маңызы зор,–деді “Лукойл” компаниясы қазақ­стан­дық филиалының дирек­торы Андрей Кириллов. Компания аз қамтылған ауыл­дық­тардың қолына қаржыны ұстата салып іс бітті деген жоқ. Қайта­рым­сыз гранттар ­тапсырылғаннан кейін конкурс жеңімпаздарына арналған семинар өткізіп, өз бизнесін неден бастау керектігіне бағыт-бағдар сілтеді, кәсіп­керліктің қыр-сырын жете түсін­дірді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.