• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Экспорт 01 Наурыз, 2023

Сауд Арабиясына Қазақстан өнімін экспорттаушылар қатары артты

278 рет
көрсетілді

Сауд Арабиясына тауар экспорттаушылар тізіміне Қазақстанның бірқатар компаниясы қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Сауд Арабиясының Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы арасындағы белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде және Қазақстанның корольдіктегі елшілігінің қолдауымен, Сауд Арабиясына өнімді экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне комитеттің кепілдігімен  тағы 15 қазақстандық ет өңдеу зауыты және 4 бал мен ара шаруашылығы өнімдерін шығаратын компания  енгізілді.

Осылайша, тізімде Сауд Арабиясының аумағына жануарлардан алынатын өнімдерді жеткізе алатын барлығы 34 отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші бар.