• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Наурыз, 2023

Өнер өрнегіндегі ынтымақтастық

286 рет
көрсетілді

Астанада Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы мен «Қазақстан композиторлар одағы» қоғамдық бірлестігі арасында меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Құжатты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Арман Асенов пен Қазақстан композиторлар одағының төрағасы Серікжан Әбдінұров қол қойып бекітті.

Меморандум қазақстандықтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және рухани-мәдени дамыту саласындағы ынтымақтастыққа бағытталып отыр.

Тараптар Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы мен Қазақстан композиторлар одағының ынтымақтастығы пайдалы әрі жемісті болатынына сенім білдірді.